Тіл саясаты мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті
- 11
14 ақпан күні Қарағанды облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға қоғам белсенділері, тіл жанашырлары, филолог-ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, орталықтар директорлары, сондай-ақ облыс өңірлері әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.
«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық» айлығы аясында рейд жүргізілді
- 12
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық» айлығы аясында рейд жүзеге асырылды. Бақылау шарасының мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдеріне тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру.
«МӘМІЛЕ» ТІЛДЕСУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ
- 23
ЖАҢА ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫДАН ӨТУДЕ
- 57
Қарағанды қаласында "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия" тарапынан мақұлданған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесі қоғамдық талқыдан өтуде (ереже «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №11 санында, «Орталық Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 19 қаңтардағы №6 санында жарияланған болатын). Шараға жоғарғы оқу орындарының филолог-ғалымдары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге, латын әліпбиін енгізуге жауапты мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, облыстық басқармалардың тілге жауапты мамандары, колледж, мамандандырылған мектептердің педагогтері қатысуда.
«LATYNSHA JAZYP DAǴDYLANAMYZ» ТРЕНИНГІ БОЙЫНША АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
- 28
«LATYNSHA JAZYP DAǴDYLANAMYZ» ТӘЖІРИБЕЛІК ТРЕНИНГТАРЫ ӨТУДЕ
- 50
Ү.ж. 9 қаңтарда №102 мектеп-гимназиясында, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде және Қарағанды гуманитарлық колледжінде, 11 қаңтарда Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде және Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында, 15 қаңтарда Қарағанды техника-құрылыс колледжінде, 16 қаңтарда «Болашақ» және Банк колледждерінде Ресурстық тіл орталығының мамандары «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тәжірибелік тренингін өткізді.
Елбасы Жолдауы
Басшы блогы
