МЖӘ жобасының әлеуетті жеке серіктесін бастамашылық ету туралы хабарлама
- 267
МЖӘ жобасының әлеуетті жеке серіктесін бастамашылық ету туралы хабарлама
«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларының 133-тармағына сәйкес МЖС жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлау айқындылығын жоғарылату мақсаттарында осы арқылы «Қарағанды қаласының тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту қызметтерін көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуетті жеке серіктесін (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) бастамашалық ету туралы хабарлайды.
ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы мағлұмат
- 470
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.
ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасының Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазтестті мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің қызметшілері тапсырулары тиіс.
Диагностикалық тестілеу барысында тыңдаушының қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталса, сертификаттық тестілеу барысында тіл білу деңгейі нақтыланады.
ҚАЗТЕСТ төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым.
Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы болып өтті
- 288
2018 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде Ақтоғай ауданының 1 көшесін, Бұқар жырау ауданының 27 көшесін, Қарқаралы ауданының 19 көшесін, Нұра ауданының 1 ауылдық округі мен 13 көшесін, Осакаров ауданының 22 көшесін қайта атау мәселелері қаралды. Комиссия жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастыруға айрықша мән беру қажеттілігін және бұл ретте ономастикалық жалпыұлттық деңгейде танылған тұлғалардың есімдерін берумен ғана шектелу қағидаты басшылыққа алынды.
Елбасы Жолдауы
Басшы блогы
