Бүгін: 19.06.2019

МЖӘ жобасының әлеуетті жеке серіктесін бастамашылық ету туралы хабарлама

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларының 133-тармағына сәйкес МЖС жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлау айқындылығын жоғарылату мақсаттарында осы арқылы «Қарағанды қаласының тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту қызметтерін көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуетті жеке серіктесін (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) бастамашалық ету туралы хабарлайды.

  • Жобаның мақсаты: мемлекеттік оқу стандарттарына сәйкес тиімді әдістемесін қолдана отырып, Қарағанды қаласының тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту
  • Жобаның міндеттері:

        - Қарағанды қаласының тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту.

        - қазақ тілінің латын әліпбиі негізделген стандартының дұрыс жазылу ережелерін бекігеннен  кейін, латын әліпбиін қолдана отырып, қазақ тіліне оқыту.

  • Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ.
  • МЖӘ нысаны: мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту қызметтері.
  • МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық шамалары:
  • Жобаны іске асыру және қызметтерді ұсыну мерзімі: 9 жыл 2019-2027 жж.
  • 9 жыл ішіндегі қызметтер көлемі: 993 600 оқу сағаты;
  • 8 280 кем емес адамды оқыту.
  • Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу келесі көздері қарастырылады:

- 9 жыл ішінде қолжетімділік үшін төлемақы 240 256 мың теңгені құрайды.

  • Жобаның техникалық күрделілікке және (немесе) бірегейлікке тиістілігітиісті емес.
  • Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:
  • «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
  • Құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық іс-әрекетке қабілеттілікке (жеке кәсіпкерлер үшін) ие болу;
  • Төлем жасауға қабілетті болу, салықтық берешегі болмауы тиіс;
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық, және (немесе) еңбек ресурстарына ие болуы тиіс;
  • Банкроттылық немесе тарату рәсімінде болмауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
  • Жосықсыз әлеуетті жекеше әріптесті мойындау туралы заңды күшіне енген соттың шешімі негізінде соңғы үш жылдың ішінде бекітілген мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарттары бойынша олардың міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісті түрдегідей емес орындағандығы үшін жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
  • Әлеуетті жекеше әріптес 3 жылдан кем емес мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту тәжірибесіне ие болуы тиіс;
  • 15 адамға дейінгі саны бар топтарда тілдерді оқыту сабақтарын жүргізу;
  • Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған жайдың (жеке немесе МЖӘ кезеңіне жалға алынған), интерактивті тақтасы бар мультимедиялық немесе лингафондық кабинеттердің болуы;
  • мемлекеттік тілді «Қазтест» стандарттарына сәйкес, ағылшын тілін – тілдерді игерудің жалпы еуропалық жүйесіне (CEFR) сәйкес оқыту;
  • әдіскерде, сондай-ақ барлық оқытушыларда «Казтест C1» (Жоғары кәсіби меңгеру деңгейі/Effective Operational) (қазақ тілінің оқытушылары үшін) сертификатының болуы;
  • мемлекеттік тілге мемлекеттік қызметтерді көрсету саласының қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерді және жеке тұлғаларды оқыту стандарттарының, типтік оқу бағдарламаларының болуы;
  • ҚР СТ 1928-2015 «Қазақ тілін игерудің коммуникативті тіл құзыреттіліктері» (бес деңгей бойынша) ҚР Ұлттық стандартына сәйкес оқу материалдық және әдістемелік көмекші құралдардың болуы;
  • Тыңдаушыларды баспа және аудио тасымалдағыштарында оқу-әдістемелік материалдармен, оның ішінде жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз ету.

         Оқу үрдісіне қойылатын талаптар:

Сағаттар саны, курстың ұзақтығы: 120 сағат (үш ай).

Аптасына бес рет, бір сағаттың ұзақтығы 80 минут (2 академиялық сағат).

        

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асыру Қағидаларының 135-тармағына сәйкес МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке серіктестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ аталмыш Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті анықтауға қатысты тікелей келіссөздерге қатысуға берілген өтінімге балама ұсынысты ұсынуы тиіс.

Өз сипаттамалары және шамалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестердің балама ұсыныстары Хабарламада көрсетілгендерге тең немесе жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсартылуына қарай) болуы тиіс.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34-каб., № 511, тел. +7 /7212/567476 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.

Балама ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде қабылданады.