Бүгін: 13.11.2018

МҰСТАҒҰЛОВА ГҮЛНАЗ СЕРІКҚЫЗЫ

1986 жылы 28 ақпанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тоқтар ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филология бакалавры, 2012 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды облысы Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 эксперименттік мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінен бастаған.

2007 жылғы шілдеден 2008 жылғы мамыр айына дейін Абай ауданы әкімінің аппаратында Ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2013 жылдар аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

2013 жылғы ақпаннан бастап ауысым тәртібінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігінің Кадр жұмысы басқармасының сарапшысы болып тағайындалды.

2014-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі аппаратының сарапшысы, Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің Мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас сарапшысы лауазымында қызмет етті.

2018 жылдың 14 мамырынан бастап «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды.