Бүгін: 24.10.2019

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы

бойынша ақпарат

 

р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындалысы

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру іс-шаралары

1

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін аппараттық кеңестерде қарау

Аппарат кеңесі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін аппараттық кеңестерде  2017 жылдың 22 мамыр және 4 қыркүйек күндері қаралды

Жылына кем дегенде 
4 рет

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

2

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2016 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат  (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен)

Интернет-ресурстарда тараулар

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы ақпарат басқарма басшысының блогы http://krgtil.gov.kz

 ресурсына орналастырылған

 2015-2017 жылдардың
3 тоқсаны

3

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Интернет желісінің жергілікті мемлекеттік органдар сайттарына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың жұбайларының, кәмелетке толмаған балаларының кірістері, шығыстары, мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер орналастыруды ұйымдастыру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Мәліметтер орналастырылған

http://krgtil.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31 наурызға дейін жылына 1 рет

4

Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мемлекет бөлген ақшалай қаржыны тиімді және мақсатқа сай пайдалануға мониторинг жүргізу

МҚІМД-не ақпарат

2017 жылға жоспарланған 63985,0  теңге қаражаттың  бірінші жартыжылдықта  28380,0 мың теңге игерілді (игерілім 100%) (1 конференция, 4 семинар,2 байқау, 1 әлеуметтік зерттеу өткізіліп, мемлекеттік және ағылшын тілдеріне 375 адам оқытылды).

Жартыжылдық қорытындысы бойынша

5

Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқор бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер туралы оларға қатысты лауазымнан босату, бас еркінен айыру сияқты қолданылған қатаң шараларды жариялаумен ақпарат құралдарында міндетті түрде хабарлар (жаңалықтар сюжеттері) беру (олардың жеке өмірбаян деректері мен қызмет тізімін жариялай отырып)

БАҚ-на ақпарат, тұрақты айдарлар құру («Сатулы ар», «Сатылатын ұят»)

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар жоқ

Тұрақты 
2016-2017 жылдар

6

Мемлекеттік органдар басшыларына бағалы сыйлықтар қабылдауды реттейтін сыбайлас жемқорлық шектеулерін әзірлеу және қабылдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдау

Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қабылдады

4 тоқсан
2015 жыл

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегияны іске асыруға
азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

7

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орнату, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі жұмыс істеуін жалғастыру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Бірінші басшысының жеке қабылдау кестесі мен сенім телефоны көрсетілген, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігі бар ақпараттық стенді дайындалды және орналастырылды

1 тоқсан 
2016-2017 жылдар

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, соның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының өкілдері үшін семинарлар өткізу

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

-

Жартыжылда 
1 рет

9

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын көтеру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Барлық мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес өткізіледі

Мемлекеттік сатып алу жоспары толығымен және өз уақытында бекітіліп порталға орналастырылады

Жарты жылда бір рет

2016 -2017 жыл

10

Тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама әзірлеу және тарату

Жаднама, 
МҚІМД-не ақпарат

Тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама әзірленіп және таратылды

Жыл сайын,  10 желтоқсаннан кеш емес

11

Әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет)

Тақталар орнату

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар жоқ

Тұрақты

12

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бағалауды өткізу

Тақталар орнату

Басқармада жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат береттін «Құрмет тақтасы» орналастырылған

Тұрақты

Квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

13

Жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-терде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу және бекіту

Жоспар,
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Басқарма жаңында жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-тер жоқ

шілде 2015 жыл

14

Жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС басшыларымен және жұмыскерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес ұйымдастыру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат


Басқарма жаңында жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-тер жоқ

Тоқсан сайын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

15

Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру

МҚІМД-не ақпарат

Басқармада азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастырылды

Жыл сайын