Бүгін: 25.03.2019

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Қазақсатан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыруға арналған Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, төмендегідей жоспарланған шаралар жүзеге асырылуда:

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыруға арналған Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, төмендегідей  жоспарланған шаралар жүзеге асырылуда: