Бүгін: 24.08.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 21 сәуірде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  «Тілдарын» байқауын өткізеді.

Өткізілу  мақсаты мен міндеттері:

-үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;

-тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;

-қазақстандық патриотизмді нығайту;

-жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Шарттары:

Байқауға  18-22  жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Байқауға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

  1. Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу;
  2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
  3. Мәтінге ілеспе аударма жасау.

Байқауға қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс: бірінші кезең – қазақ тілін білу; екінші кезең – ағылшын тілін білу; үшінші кезең – орыс тілін білу. 

Байқаудың міндетті шарты –  алдыңғы  деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.

Үміткерлерді бағалау кезінде:

1.жазу сауаттылығы мен дұрыс айтылуына;

2.тілдерді меңгеру деңгейіне;

3.жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне  назар аударылады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хат және басқа да  сыйлықтармен марапатталады.

Облыстық конкурстың жүлдегері республикалық «Тілдарын» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысады.       

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі 2017 жылғы 17 сәуірге дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында(Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 569348 - ф.

Аты-жөні (толық)

Туған жылы, айы, күні

Жұмыс немесе  оқу орны

Байланыс телефондары