Бүгін: 07.12.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 18 тамызда Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, халықтың рухани бірлігін нығайту мақсатында өзге ұлт жастары арасында «Абай оқулары» байқауын өткізеді.

Байқау тапсырмалары:

1.Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу;

2.«Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау;

3.Абай әнін орындау (1 ән).

Әр тапсырманы орындау уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысу үшін қала және аудан, мекеме, жоғары және арнайы орта, жалпы білім беру орындарынан көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген 18-22 жас аралығындағы өзге ұлт жастары шақырылады. Облыс орталығын қоспағанда, әрбір өңірден бір үміткер қатыса алады.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

- көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне;

- қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалардың сақталуына;

- әнді орындау шеберлігіне;

- сахналық мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударады.

Байқау жүлдегерлері диплом, алғыс хат және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Ескерту: бұрын өткізілген байқаулардың жүлдегерлері, жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беретін мекемелерде «қазақ филологиясы» мамандығы бойынша оқитын жастар, кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері биылғы облыстық байқауға жіберілмейді.

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі 2017 жылғы 14 тамызға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында(Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 569348 - ф.

Аты-жөні

Туған жылы

Қызмет немесе оқу орны

Оқитын шығармалары

Байланыс телефон-

дары

Поэзия немесе қара сөз

«Абай жолы» романынан үзінді

Абайдың

әні