Бүгін: 07.12.2019

Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы (бұдан әрі - Сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.

Облыс әкімінің Сыйлығы жылына бір рет Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында өткізілетін салтанатты жиында табыс етіледі.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мен насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар Сыйлыққа үміткерлер ретінде келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

«Тіл майталманы» номинациясы (35 жастан асқан шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында);

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы (мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, штаттан тыс мамандар арасында);

«Тіл жаршысы» номинациясы (қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдардағы журналистер және штаттан тыс тілшілер арасында);

«Үздік телехабар» номинациясы (қазақ және орыс тілдеріндегі телебағдарлама авторлары арасында);

«Жас полиглот» номинациясы (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 14-29 жас аралығындағы жастар арасында);

«Тіл білгірі» номинациясы (мемлекеттік тілді жетік меңгерген, түрлі  байқаулардың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері болып табылатын 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында);

«Мемлекеттік тіл - бизнесте» номинациясы (шағын және орта бизнес өкілдері арасында).

  1. Номинацияға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   түйіндеме, өмірбаян, мекемеден ұсыныс-мінездеме;

2)   1 фотосурет (өлшемі 9х12);

3)   жеке куәлік көшірмесі;

3)   мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру бойынша жобалық ұсыныс;

4)  мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында жеткен жетістіктерін растайтын құжаттардың және материалдардың көшірмелері (грамоталар, дипломдар, алғысхаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телехабарлар, бағдарламаларда қатысқанын растайтын анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылуы тиіс.

Сыйлыққа үміткер тек бір номинация бойынша қатыса алады, сонымен қатар Сыйлық лауреатының құжаттары үш жыл көлемінде қайта қабылданбайды.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, пікір  берілмейді.

«Тіл жанашыры» сыйлығына үміткерлердің материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қабылданады. Материалдар электрондық поштамен қабылданбайды. Материалдарды қабылдаудың соңғы күні: 2017 жылғы 25 тамыз.

         Анықтама телефоны: 8/7212/567476