Бүгін: 28.05.2020

«Тілдарын» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы маусымда үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  «Тілдарын» облыстық байқауын өткізеді.

        2.Байқауды өткізудің мақсаттары:

- үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;

- тіл мәдениетін көтеру;

- үштілділікті насихаттау;

  1.     Байқау шарттары:

 Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Байқауға  үш тілді жетік меңгерген  21-35 жас аралығындағы жастар  қатыса алады.

Байқау келесі тапсырмалардан тұрады:

1) «Сөзтаным» – берілген мәтіннен көнерген сөзді тауып, мағынасын ашу. Мәтіннің ішінде 5 көнерген сөз жасырылған. Осы сөзді 1 минуттың ішінде жылдам оқу техникасы бойынша тауып, мағынасын қазақ тілінде айтуы керек. Мағынасы ашылған сөз ғана дұрыс болып, есепке алынады;

2) «Ойтаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру (3 минут);      

3) «Елтаным» – еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру
(2 минут).

Үміткерлерді бағалау кезінде қазылар алқасы мынадай талаптарды

басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;

3) жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Облыстық конкурстың жүлдегері республикалық  байқауға Қарағанды облысының атынан қатысады.       

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі  2020 жылғы  25 мамырға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 567084 - ф.,эл. мекенжай s.neldybaeva@karaganda-region.gov.kz

Өтетін күні, уақыты қосымша хабарланатын болады.

 

Аты-жөні (толық)

Туған жылы, айы, күні

Жұмыс немесе  оқу орны, лауазымы

Байланыс телефондары