Бүгін: 28.05.2020

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»  ММ-нің хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесехалықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 4) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалықдеңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскериоқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесешетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басыммамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақысы, теңге

min

max

D-О-3

126 356

170 599

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 100012, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/56-74-76, факс 56-93-48, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 2-1, D-O-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Басқарманың, бөлімнің жылдық, тоқсандық жоспарларының жобасын, Басқарманың, бөлімнің қызметтері туралы есептерді әзірлеуді ұйымдастырады. Басқарма қызметін жоспарлау және өз құзыреті шегінде жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңдардың және басқа нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді. Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін, аттестациялау жөніндегі аттестациялау комиссиясының, еңбек өтілін белгілеу комиссиясының және тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын мақсатты, орынды пайдалануды бақылауда ұстайды. Мемлекеттік тілде іс жүргізу ісін жетілдіреді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстардың тиімділігін бақылайды. Туған тілдерін дамыту бойынша ұлттық орталықтармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырады. Бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Бюджеттік және арнайы бағдарламаларды әзірлеу мәселелері бойынша Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымның жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Қаржыландыру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырады. Бекітілген сметаға сәйкес бюджеттік қаражатты тиімді, мақсатты пайдалану үшін құжаттардың уақытында және дұрыс толтырылуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс жоспарларына талдау жүргізеді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес конкурстарды өткізу бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырады. Басқарманың бюджеттік тапсырыстарының уақытында дайындалып, өкілетті органға тапсырылуын қадағалайды.  Қарағанды облысының Дамыту бағдарламасына ұсыныстар беру және бағдарламада көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалайды.. Құзырлы органдар тарапынан жасалатын тексерістердің актілеріне және анықтамаларына жауап әзірлейді. Басқарманың алдына қойған жалпы міндеттерін шешуге қатысады. Басқарма басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Құқық» мамандығы бойынша (құқықтану) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика).

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссиямен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссе жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар тар шеңберлі мамандық лауазымдарын конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс ґткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді

сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін

және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

__________________________________________________________________

 

__________                                             ____________________________________

     (қолы)                                                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жаєдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.