Бүгін: 13.11.2018

Есепті кезеңде Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №10/04 қаулысымен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, біршама жұмыстар атқарылды.

Жалпы 2018 жылы мемлекеттік тілге 2104, ағылшын тіліне 1399 адам оқыту жоспарланған. 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курстарымен – 1398, ағылшын тілі курстарымен 974 адам қамтылды, соның ішінде тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша мемлекеттік тілге 365, ағылшын тіліне 165 адам оқытылуда.

Талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыздан тамыр тарта отырып, қазығы берік қазынамыз – ұлт тілін жаңғырту, оның абыройын асқақ ету – бүгінгі күнде басты ұстанымға айналып отыр. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған дана халқымыз бүгінде инновация мен технологияның жаңа кезеңіне қадам басты. Елбасымыз атап көрсеткен жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшуіміз жаһандық технологиялық бәсекелестігімізді арттырумен қатар, рухани-мәдени  дамуымызға да серпін берері сөзсіз. Ол үшін бүгінгі қоғам азаматтары тілдік ортаны жетілдіруге, оның ішінде қазақ тілін қазақстандықтардың ортақ тіліне айналдыруға атсалысуы қажет. Тіл мәселесі – сол тілде қарым-қатынас жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын баянды ететін сол халықтың мәңгілік мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының асқақтығымен өлшенетінін ескерсек, қазіргі жаһандану үдерісінде жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодты сақтай білу де осы тіл құдіреті арқылы жүзеге аспақ.

Бүгінде тіл саласының өркендеуіне мемлекет тарапынан айрықша қолдау білдіріліп, барынша жағдай жасалған. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірімізде тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ісшаралар жоспары әзірленіп, жұмыс барысы жүйелі жолға қойылған. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы аумақтағы тіл саясатын жүзеге асыруда бірқатар басым бағыттарды басшылыққа алады.

Есепті кезеңде Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы наурыздағы  № 10/04 қаулысымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, есепті кезеңде 6 тілдерді оқыту орталықтары және 9 оқыту курстарында қазақ тілін 619 адам, ағылшын тілін 351 адам оқуда.  

Тыңдаушылардың сапалық құрамы бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 162 немесе 26,1%,  құқық қорғау органдары қызметкерлері - 118 немесе 19%, білім саласы қызметкерлері – 114 немесе 18,4%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 116 немесе 18,7%, медицина саласы қызметкерлері 30 немесе 4,8%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 79 немесе 12,7%.

Ағылшын тілі бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 97 немесе 27,6%,  білім саласы қызметкерлері – 155 немесе 44,1%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 8 немесе 2,2%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 91 немесе 25,2%.

Ағымдағы жылғы 19-28 маусым кезеңі аралығында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1191 адам «Қазтест» жүйесі бойынша тестпен қамтылды, олардың ішінде 988 адам – диагностикалық, 203 адам сертификаттық тестілеу тапсырды. 

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның 2-ші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде Теміртау қаласы және Абай ауданы бүгінгі заманның идеологиялық талаптарына сай келмейтін көнерген атауларды бір жүйеге келтіру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы және Қарағанды облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен білім басқармасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2016 жылдың соңында жүргізілген тексеріс барысында анықталған заңбұзушылық деректерін жою қажеттілігі жөніндегі ұсыныстардың орындалуы туралы баяндады.

2017 жылдың 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 90,6% (2016 жылдың 2-ші тоқсаны – 88,4%).

Көлік және автомобиль жолдары (61,6%), кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму (65%), дене шынықтыру және спорт басқармалары (68%) төмен көрсеткіштер көрсетіп отыр.

Мемлекеттік тілді және үштілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Тілдарын» және «Абай оқулары» байқаулары, «Ономастиканың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» семинар-кеңес, «Үштілділік саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» және «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» ақпараттық-насихат шаралары өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының латын әліпбиіне көшу мәселесін  түсіндіру аясында облыс мекемелерінде және өңірлерде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Тіл саясатын ақпараттық қолдау мақсатында арнайы медиа-жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін жергілікті, облыстық және республикалық БАҚ беттерінде 241 материал: 3 телехабар, 2 сұқбат, 15 сюжет, 36 телесабақ және 185 мақала жарық көрді.

25 сәуір – 25 мамыр аралығында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» облыстық айлық ұйымдастырылып, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының талаптарына сай келмейтін 587 жарнама объектісі анықталды.  Жүргізілген рейд жұмыстары барысында 157-сі заң талаптарына сәйкес қайта түзетілді.