Бүгін: 07.04.2020

Есепті кезеңде Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы наурыздағы  № 10/04 қаулысымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, есепті кезеңде 6 тілдерді оқыту орталықтары және 5 оқыту курстарында қазақ тілін 690 адам оқуда, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары (2016 жылдың 1-ші тоқсаны – 630 адам), ағылшын тіліне 386 адам оқытылуда, бұл 23,5%-ға артық (2016 жылдың 1-ші тоқсаны – 295 адам).  

Тыңдаушылардың сапалық құрамы бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 106 немесе 15,3%,  құқық қорғау органдары қызметкерлері - 91 немесе 13,2%, білім саласы қызметкерлері – 272 немесе 39,4%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 163 немесе 23,6%, медицина саласы қызметкерлері 12 немесе 1,7%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 46 немесе 6,7%.

Ағылшын тілі бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 101 немесе 26,2%,  құқық қорғау органдары қызметкерлері - 1 немесе 0,2%, білім саласы қызметкерлері – 181 немесе 46,9%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 53 немесе 13,7%, медицина саласы қызметкерлері 1 немесе 0,2%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 49 немесе 12,7%.

Ағымдағы жылғы 27 наурыз – 4 сәуір кезеңі аралығында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1784 адам «Қазтест» жүйесі бойынша тестпен қамтылды, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға жоғары (2016 жылдың І тоқсанында – 1562 адам). Олардың ішінде 1655 адам – диагностикалық, 129 адам сертификаттық тестілеу тапсырды. 

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде Жезқазған қаласында және Ұлытау ауданында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы; Балқаш және Сәтбаев қалаларында үштілділік саясатын насихаттау жұмысы туралы мәселелер қаралды.

2017 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттарының үлесі 71% (2016 жылдың 1-ші тоқсаны – 66,4%), шығыс құжаттарының үлесі - 88% (2016 жылдың 1-ші тоқсаны - 91,2%). Шығыс құжаттары бойынша көрсеткіштің төмендеуіне келесі мемлекеттік мекемелер ықпал етті: Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері – 73%, еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма – 20%, дін істері жөніндегі басқарма – 50%, жұмылдыру дайындығы басқармасы - 53%, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы - 56%. Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратында мемлекеттік тілдегі ішкі құжат үлесі 66,3% құрайды.

Есепті кезең ағымында қызметшілерді Қазтест тапсыруға дайындау, мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытудың жаңа инновацияларымен таныстыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазтест стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» облыстық семинары, Теміртау қ. «Тіл үйренушілерге қазақ және ағылшын тілдерін  халқымыздың салт-дәстүрі  мен  мәдениетін насихаттау арқылы үйрету» шеберлік сыныбы өткізілді. Сонымен қатар, басқарманың жоспарына сәйкес, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қазақ және ағылшын тілдері бойынша ашық сабақтар өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ құрамында Жаңаарқа ауданы жұртшылығымен 2 кездесу өткізіліп, Елбасы Жолдауы кеңінен талқыланды.

Тіл саясатын ақпараттық қолдау мақсатында арнайы медиа-жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін жергілікті, облыстық және республикалық БАҚ беттерінде 140 материал: 1 телехабар, 8 сюжет және 131 мақала жарық көрді.