Бүгін: 07.04.2020

Есепті кезеңде облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 3-ші кезеңін жүзеге асыруға бағытталды. 2017 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында облыс аумағындағы 6 тілдерді оқыту орталықтары және 11 оқыту курстарында қазақ тілін 394 адам, ағылшын тілін 225 адам оқыды.  

Тыңдаушылардың сапалық құрамы бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 67 немесе 17%,  құқық қорғау органдары қызметкерлері - 57 немесе 14,4%, білім саласы қызметкерлері – 114 немесе 36,5%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 64 немесе 16,2%, медицина саласы қызметкерлері 39 немесе 9,8%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 33 немесе 8,3%.

Ағылшын тілі бойынша: мемлекеттік қызметшілер - 75 немесе 33,3%,  құқық қорғау органдары қызметкерлері - 30 немесе 13,3%, білім саласы қызметкерлері – 65 немесе 28,8%, мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 22 немесе 9,7%, медицина саласы қызметкерлері 24 немесе 10,6%, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар - 9 немесе 4%.

Ағымдағы жылғы 18-26 қыркүйегі кезеңі аралығында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1649 адам «Қазтест» жүйесі бойынша тестпен қамтылды, олардың ішінде 1397 адам – диагностикалық, 252 адам сертификаттық тестілеу тапсырды.

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның 3-ші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2016 жылдың соңында жүргізілген тексеріс барысында анықталған заңбұзушылық деректерін жою қажеттілігі жөніндегі ұсыныстардың орындалуы және сыртқы-көрнекі ақпаратта тіл заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселелер қаралды.

2017 жылдың 3-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 90% (2016 жылдың 3-ші тоқсаны – 86,4%) құрады.

Еңбек инспекциясы (44%), көлік және автомобиль жолдары (56,8%), кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму (68%), дене шынықтыру және спорт басқармалары (69%),  Теміртау қаласы әкімі аппараты (60,3%) төмен көрсеткіштер көрсетіп отыр.

Мемлекеттік тілді және үштілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында «Тіл жанашыры»  облыс   әкімінің   сыйлығын   табыстау   салтанатты    шарасы,   Ақселеу

Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің  облыстық әдеби-шығармашылық байқауы, қазақ және орыс тілді ақындар арасында Қасым Аманжолов  атындағы  «Дүниеге  келер  әлі талай Қасым»

облыстық жыр бәйгесі, «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» ақпараттық-насихат шаралары өткізілді.

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссия Осакаров және Нұра  аудандары бойынша 47 көше мен 2  елді-мекеннің  атауларын

өзгертуге қатысты 49 ұсынысты қарап, 47-сіне оң қорытынды берді. Дегенмен, Қарқаралы, Ұлытау аудандары, Шахтинск, Теміртау, Саран, Қаражал, Жезқазған қалалары бүгінгі күнге дейін идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастыру бойынша ұсыныстар берген жоқ.

Тіл саясатын ақпараттық қолдау мақсатында арнайы медиа-жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін жергілікті, облыстық және республикалық БАҚ беттерінде 358 материал: 3 телехабар, 3 сұқбат, 12 сюжет, 6 телесабақ, 1 бейнеролик және 333 мақала жарық көрді.

Әліпбиді латын графикасына көшіру мәселесін талқылау аясында облыстың мемлекеттік мекемелерінде және өңірлерде 801 шара (семинарлар, дөңгелек үстелдер, тұрғындармен кездесулер) өткізілді. Аталған тақырыпта БАҚ-та 1690 материал, оның ішінде 113 сюжет, 5 телебағдарлама, 364 мақала, 332 интернет жарияланымдар және әлеуметтік желілерде 876 материал жарық көрді.