Бүгін: 07.04.2020

БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ 

Бағдарлама атауы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына;

Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы Жарлығы

Мақсаты

Өңірде үштілділікті дамыту

Мақсатты индикаторлар

1. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %;

2.Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %;

3. Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

 Ағымды жағдайды талдау

Қарағанды облысында тіл саясаты Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде өңірде толерантты тілдік ортаны құруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасауға; мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, лингвистикалық капиталды сақтауға және ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда басты назар тұрғындардың лингвистикалық капиталын дамытуға, атап айтқанда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге және орыс тілінің қызметін сақтауға, ағылшын тілін оқытуға және облыста мекендейтін этностардың ана тілдерін дамытуға бағытталған. 

Мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, сонымен қатар, тіл оқуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғаларды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Осы мақсатта облыс аумағында әрекет ететін 6 тілдерді оқыту орталықтары мен 8 оқыту курстарында «Қазтест» стандарты бойынша оқыту» сертификаттары бар оқытушылар сабақ береді. Оқыту жұмыстары 5 деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Барлық оқыту орталықтары мультимедиялық кешендермен, компьютерлермен, интерактивтік тақта, оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған.

2008 жылы әзірленген «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені қазіргі мемлекеттік тілді оқыту стандартарына сәйкес келмеуіне байланысты, 2016-2017 жылдары «Қазтест» жүйесі бойынша оқыту талаптарына сай келетін А1, А2, В1, В2 деңгейлері бойынша жаңа оқу-әдістемелік кешен дайындалды.

Мемлекеттік және ағылшын тілдерінде оқытылатындардың сапалық және сандық құрамына тұрақты мониторинг жүргізіледі. 

2014 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарында оқитындар саны 1488 адам құрады.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілді оқитындардың үлесі 12,4%-ға артты.

2016 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарымен 1796 адам қамтылды немесе мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен (1699 адам)  салыстырғанда 5,4%-ға артты.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курстарында 1688 адам оқытылды.

Кесте 1

Мемлекеттік тілді оқыту курстарына қамту

2014 жыл

2015 жыл

2016 жылы

 

2017 жылдың 9 айы

1488 адам

1699 адам

1796 адам

1688

Ағылшын тілін оқыту курстарымен 2014 жылы 463 адам қамтылды.

2015 жылы қамтылғандардың саны 586 адамды, 2016 жылы – 894 адамды құрады.

Соңғы үш жылда ағылшын тілін оқығандардың үлесі 48,2%-ға артты.

2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 981 адам ағылшын тілін оқыды.

Кесте 2

Ағылшын  тілін оқыту курстарына қамту

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың

9 айы

463 адам

586 адам

894 адам

981 адам

 Қала, аудан бойынша мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту.

Кесте 3

Атауы

Құрылған ылы

Мемлекеттік тілге оқыту

Ағылышын тіліне оқыту

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017жылдың 9 айы

І. Оқыту орталықтары

1

«Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы»

2007

480

480

530

572

120

120

180

290

2

Балқаш қ. «Тілдер орталығы» КММ

2010

193

231

245

174

152

171

174

129

3

Жезқазған қ. «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» КММ

2011

129

134

104

122

103

91

124

37

4

Шахтинск қ. «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ

2011

160

140

160

105

72

72

79

54

5

Теміртау қ. «Тілдерді дамыту орталығы» КММ

2014

78

180

300

330

-

45

150

165

6

Саран қ. «Тілдерді дамыту орталығы» КММ

2014

30

127

124

81

-

43

48

40

ІІ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жанындағы оқыту курстары

7

Қарағанды қаласы

2014

60

60

60

30

-

-

80

30

8

Сәтбаев қаласы

2008

157

160

165

111

-

-

14

61

9

Приозерск қаласы

2013

40

20

30

40

-

-

15

25

10

Қаражал қаласы

2013

24

40

34

40

16

20

20

20

11

Бұқаржырау ауданы

2011

53

54

24

24

-

-

-

12

12

Абай ауданы

2010

36

37

20

36

-

-

10

40

13

Осакаров ауданы

2013

12

12

12

12

-

-

-

12

14

Нұра ауданы

2014

36

24

-

-

-

24

-

9

15

Қарқаралы ауданы

2017

-

-

-

-

-

-

-

12

16

Ақтоғай ауданы

2017

-

-

-

-

-

-

-

15

17

Шет ауданы

2017

-

-

-

-

-

-

-

15

18

Ұлытау ауданы

2017

-

-

-

-

-

-

-

15

 

Барлығы

 

1488

1699

1796

1688

463

586

894

981

 

Негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік органдардың ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру болып табылады. Осы бағытта облыстық  мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттарына үнемі мониторинг жүргізіледі. 2014 жылы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлес салмағы - 94%, 2015 жылы - 95%, 2016 жылы - 89%6 2017 жылдың 9 айында  89,5% құрады.

Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге оқыту курстары, әдістемелік семинарлар және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

2014 жылы «Үздік аудармашы» байқауы өткізіліп, 29 үміткер қатысты. 2014 және 2015 жылдары «Қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту және қазақ тілін білу деңгейін бағалау» семинары ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілдің терминологиялық қоры үнемі жаңартылып отырады,  заңнамаға толықтырулар енгізіледі, жаңа реформалар жүргізіледі, осылардың барлығымен мамандар таныс болуы қажет. Осы мақсатта 2016 жылы «Құжат дайындау және аударма ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына басқармалар мен департамент мамандары, қалалық, аудандық әкімдік қызметкерлері, білім және денсаулық салаларының іс жүргізуші-аудармашылары, барлығы 60 адам қатысты. Семинарда арнайы шықырылған «Үздік аудармашы» республикалық байқауының жеңімпазы, ф.ғ.к. К.Ә.Әлпейісова баяндама жасады.

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі облыстық комиссия отырысы жылына 4 рет өткізіледі. 2014 жылдан бастап барлығы 13 отырыс өткізілді. Комиссия отырыстарында мекеме басшыларының, қала, аудан әкімдері орынбасарларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалысы туралы есептері тыңдалады. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс топтары Осакаров, Нұра аудандарында, Приозерск, Саран және Сәтбаев қалаларында да құрылған.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 2013 жылдан бастап  мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметкерлерді тестілеуден өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

2014 жылы Қазтест тапсырған адамдардың саны 2723 адамды, 2015 жылы – 1667 адамды, 2016 жылы 5873 адамды, 2017 жылы 4563 адамды  құрады, төрт жылда (2014-2017 ж.ж.) барлығы 14 826 адам қамтылды.

 

Кесте 4

Қазтест тапсыру жылы

Барлық тапсырғандар

Диагностикалық

Сертификаттық

2014 жыл

2723

2723

-

2015 жыл

1667

1613

54

2016 жыл

5873

5485

388

2017 жыл

4563

4039

524

Барлығы

14826

13860

966

 

Қазтест тапсыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында, 2016 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жұмысындағы өзекті мәселелер» атты 2 күндік семинар ұйымдастырылды.

2017 жылы қызметшілерді Қазтест тапсыруға дайындау, мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытудың жаңа инновацияларымен таныстыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазтест стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» облыстық семинары, Теміртау қ. «Тіл үйренушілерге қазақ және ағылшын тілдерін  халқымыздың салт-дәстүрі  мен  мәдениетін насихаттау арқылы үйрету» шеберлік сыныбы, «Ересектерге ағылшын тілін оқыту үдерісі: ақпараттық технологиялардың тиімділігі» семинар-тренингі өткізілді. Осындай жұмыс облыстың аудандары мен қалаларында да жүргізіледі. Сонымен қатар, басқарманың жоспарына сәйкес, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қазақ және ағылшын тілдері бойынша ашық сабақтар өткізді.

2014 жылдан бастап облыс жұртшылығының тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында барлығы 3 мыңға жуық шаралар өткізілді. Өзге ұлт өкілдерінің арасында да мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. Түрлі сала қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – болашағым» байқауы, ұлты орыс балалардың арасында қазақ тілінен «Тіл – халық жанын танудың кілті» олимпиадасы өткізілді. Осы тәрізді байқау ұлты қазақ балалардың арасында орыс тілінен өткізілді.

Мектепке дейінгі мекемелер арасында «Қазақ тілі мұғалімі", жастардың арасында "Менің елім - Қазақстан"  патриоттық байқауылары және өзге ұлт өкілдері жастары арасында областық форум өткізілді.

2015 жылы облыстық деңгейде балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Мемлекеттік тілмен балалық шақтан - болашаққа» атты фестиваль өткізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жұмыстарына қомақты үлес қосып жүрген тұлғаларды қолдау және марапаттау мақсатында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы дәстүрлі түрде өткізіледі. Облыс әкімінің сыйлығына 2014 жылдан бастап 25 адам ие болды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай - Бағдарлама) және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында облыста «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Үштілді жетік меңгерген жастар арасында облыстық деңгейде «Тіл шебері» байқауы, «Тіл – тұнық ойдың кәусары», «Ой сана», «Тіл – парасат» және «Тілдарын» тіл олимпиадалары  өткізілді.

Приозерск қаласында жоғары сынып оқушылары арасында «Тілдарын» олимпиадасы,  Теміртау қаласында «Үш тілді меңгерген мұғалім» байқауы, Саран қаласында «Ағылшын тілін оқытуды жаңа технологияларды пайдалана отырып ойын арқылы оқыту» атты дөңгелек үстел мен «Жарқын болашақ» атты үштілділік олимпиадасы, Абай ауданында «Тіл шебері» байқауы, Бұқар жырау ауданында «Үштаған» сайысы мен «Үш тұғырлы тіл және жастар болашағы» атты дөңгелек үстел, Қаражал қаласында «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» дөңгелек үстелі және «Үш тілде білім беру: жаңалықтар мен мүмкіндіктер» атты қалалық семинар, Қарқаралы ауданында «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» атты семинар-кеңес, Сәтбаев қаласында үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» қалалық олимпиадасы, Осакаров ауданында «Үштілділік – жаңа заман сұранысы» дөңгелек үстелі және тағы да басқа да шаралар өтті.

Аталған бағытта Балқаш қаласы тарапынан белсенді жұмыс атқарылып, жергілікті телеарна бойынша оқыту бағдарламалары көрсетілуде.

Үштілді жетік меңгерген облыс тұрғындарын БАҚ беттерінде насихаттау мақсатында қала, аудан өкілдерінен, қоғамдық қайраткерлер, ағылшын тілінің мұғалімдері, жастар қатарынан спикерлер тізімдері және медиажоспар әзірленіп, барлық жергілікті БАҚ-та материалдар жариялануда, сонымен қатар, «Үштілділік – уақыт талабы» бейнероликтері көрсетілуде. Облыста тіл саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «100 қадам», «Уақыт kz», «Ой талқы», «5 канал» телеарнасының «Регион 09», «P.S» телебағдарламаларында кеңінен насихатталуда.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үштұғыры тіл саясатын насихаттау мақсатында, арнайы ақпараттық топ құрып, 2016 жылы Шет, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Теміртау қалаларында «Үштұғырлы тіл саясаты - жастардың болашағы мен мүмкіндігі" тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырды. Осындай жұмыстар 2017 жылы Қаражал, Балқаш қалаларында және Нұра, Абай аудандарында өткізілді. 2017 жылдан бастап құрамында көрнекті қоғам қайраткерлері, тіл білгірлері және белсенді жастары бар «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» ақпараттық-насихаттау тобы құрылып Жаңаарқа, Абай аудандарына, Саран, Теміртау, Қарағанды қалаларына барып жұмыстар жүргізді.   

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін  түсіндіру аясында облыс мекемелерінде және өңірлерде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз және мәнерлеп оқу шеберлерін анықтау және қолдау мақсатында әртүрлі байқаулар мен мүшайралар ұйымдастырылуда. Өзге ұлт өкілдері жастары арасында жыл сайын өткізілетін «Абай оқулары» байқауы жақсы дәстүрге айналды.

2014 жылы Ғ.Мұстафин атындағы жас прозаиктер байқауы, «Аңыз дала – абыз дала» мүшайрасы, Ақселеу Сейдімбеков атындағы әдеби-шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Осындай байқау 2015 жылы да өткізілді.

2016 жылы «Таза, мінсіз асыл сөз..» шешендік өнер байқауы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Тарих кеңістігіндегі тілдерді дамытудың өзектілігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2016-2017 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қасым Аманжоловтың рухына арналған «Дүниеге келер әлі талай Қасым» байқау-мүшайрасы, Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің әдеби-шығармашылық байқаулары ұйымдастырылды.

2017 жылы Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ұлттық, тілдік, мәдени көптүрлілікті мойындай отырып, қазақстандық бірегейлік пен халықтар бірлігін нығайтуға бағытталған Қазақстан халқының тілдері күні және славян жазбасы күндері жыл сайын өткізіледі.

Ана тілдерінің кеңінен таралуына қолдау білдіруге бағытталған қадамдардың барлығы тілдердің көптүрлілігіне ықпал етіп қана қоймай, өзара түсіністік, төзімділік және диалогқа негізделген ынтымақтастықты дамытады.

Облыс көлемінде 60 этномәдени бірлестік болса, соның 24-і облыстық деңгейдегі ұлттық мәдени орталықтар. Жыл сайын облыстық деңгейдегі ұлттық мәдени бірлестіктерге этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау үшін 700,0 мың теңге көлемінде облыс әкімінің гранты бөлінеді. Кейінгі жылдары өңірлерде де қала, аудан әкімдерінің гранттары бөлініп, дәстүрлі негізде Тілдер мерекесі қарсаңында мәдени бірлестіктерге ресми табысталуда.

Облыстық деңгейдегі орталықтардың 16-сында неміс, румын, әзербайжан, армян, грек, поляк, еврей, қытай, неміс, кәріс, грузин, татар, башқұрт, литва, түрік, украин, шешен (17 тіл) тілдері тұрақты негізде оқытылады. Аудан, қалалардағы ұлттық мәдени бірлестіктерде сұранысқа орай орыс, неміс, татар, кәріс, украин, түрік тілдері оқытылады.           

Жалпы орта білім беретін мектептер базасында факультативті сабақтар ретінде поляк, кәріс және татар тілдерін оқыту жұмыстары ұйымдастырылған.

2016 жылы этномәдени бірлестіктердің 20 өкілін қазақ тіліне оқыту жұмыстары қолға алынды.  

2014 жылы этно-мәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқытудың өзекті мәселелері» семинары ұйымдастырылды.

2014-2017 жылдың жоспарларында қарастырылған шаралардың барлығы ұлттық бірлікті нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға  басымдық беруге негізделген және азаматтардың мәдени-рухани, тілдік қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға бағытталған.

Білім саласында мемлекеттік тілдің ролі нығаюда.

2014 жылы қазақ сыныптарына барған балалар саны 90 596 құраса, 2017 жылғы оқу жылында балалардың саны 2809-ға дейін артып, 93 486 құрады (өсім – 3,2%).

Мемлекеттік тілде оқитын өзге ұлт өкілдері балаларының саны артып, 2014 жылмен салыстырғанда  өсім 7,6% құрады (2014 жылы – 648 бала, 2017 жылы – 739 бала).

Кесте 5

 

Қала/аудан атауы  

 2013/2014 жыл

2014/2015 жыл

 2015/2016 жыл

2016/2017 жыл

2017/2018 жыл

1

Жалпы мектептер саны

531

526

522

522

515

1.1

Қазақ тілді мектептер саны

243

242

240

240

237

1.2

Аралас тілді мектептер саны

184

182

181

181

183

2

Жалпы оқушылар саны

173163

177750

182611

182601

186573

2.1

Қазақ тілінде оқушылар саны

89875

90596

93479

93480

93486

2.2

Оның ішінде, қазақ тілінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің саны

692

737

788

793

798

 

Соңғы төрт жылда қазақ тілінде тәрбие беретін балалар мекемелерінің саны 2,3%-ға көбейді.

2014 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде тәлім-тәрбие беретін мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар саны едәуір ұлғайды. 2014 жылы қазақ топтарына 19 102 бала барса, 2015 – 26 745, 2016 жылы – 26 920, 2017 жылы 28 260 бүлдіршін барды, яғни, соңғы төрт (2014-2017 ж.ж.) 32,4%-ға көбейді.

Ұлты өзге 6000 бүлдіршін қазақ тілі топтарында тәрбиеленуде (2014 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде тәрбие беретін балалар мекемелеріне баратын бүлдіршіндер саны елеулі көбейді).

Кесте 6

 

Қала/аудан атауы  

 2013/2014 жыл

2014/2015 жыл

 2015/2016 жыл

2016/2017 жыл

2017/2018 жыл

1

Жалпы балабақшалар мен шағын орталықтар саны

503

507

508

520

516

1.1

Қазақ тілді балабақшалар мен шағын орталықтар саны

261

245

249

251

251

1.2

Аралас тілді балабақшалар мен шағын орталықтар саны

144

148

178

184

186

2

Жалпы тәрбиеленушілер саны

51469

51591

51716

52863

53846

2.1

Қазақ тілді топтарға баратын жалпы тәрбиеленушілер саны

18481

19102

26745

26920

28260

2.2

Оның ішінде, қазақ тілді топтарға баратын өзге ұлт тәрбиеленушілерінің саны

6177

6762

5739

6015

6000

 

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тіл заңнамасы  талаптарының сақталуын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, 2014 жылы – 48, 2015 жылы – 34 нысан тексеріспен қамтылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің (28.01.2016 жылғы №20) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің (09.02.2016 жылғы №65) «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы» бірлескен бұйрығының (одан әрі – бірлескен бұйрық) 5-тармағына өзгерістер енгізу сұрағы қарастырылып жатқандықтан, Мәдениет және спорт министрлігі бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізуде. Соған сәйкес, республикасы аумағындағы барлық өңірлерде тіл заңнамасының сақталуын тексеру жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Соған қарамастан, тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылы 5 өңірді, 2017 жылы 15 өңірді әдістемелік жұмыспен қамтыды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы мекемелердегі мемлекеттік тілді қолдану аясы біршама кеңігенін, нормативтік құқықтық актілер қазақ тілінде сауатты толтырылатын, шығыс құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлесі артқанын көрсетті. Дегенмен, қаржылық-техникалық құжаттар әлі де болса орыс тілінде толтырылуда.

Облыста ономастикалық кеңістікті реттеу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылы 14 мекеменің, 4 елді мекеннің, 78 көшенің атауы өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңес Одағы Батырларының және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге т.б беру туралы тапсырмасына сәйкес, 2015 жылы тоқтамнан тыс 12 көшеге қайта атаулар берілді.

Елді мекендер мен көше атауларын өзгерту, оларды қайта атау  бойынша өткізілген көпшілік тыңдаулар мен қоғамдастық жиналыстарда ұсынылған атауларды тұрғындардың 2014жылы –  62%, 2015 жылы – 81%, 2016 жылы  - 100% қолдады.

Мемлекеттік мекемелердің ұжымдық жиналыстарында атау беру және қайта атау мәселесі бойынша ұсыныстарды 1600 қызметкердің 1100 (68%) қолдады.

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссия 2017 жылы Осакаров және Нұра  аудандары бойынша 47 көше мен 2  елді-мекеннің  атауларын өзгертуге қатысты 49 ұсынысты қарап, 47-сіне оң қорытынды берді. Дегенмен, Қарқаралы, Ұлытау аудандары, Шахтинск, Теміртау, Саран, Қаражал, Жезқазған қалалары бүгінгі күнге дейін идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастыру бойынша ұсыныстар берген жоқ.

2014 жылдың қазан айында «Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтсе, 2017 жылы  «Ономастиканың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Аудандардағы елді мекендердің, басқа да ономастикалық нысандардың тарихи негіздемелерін қалыптастыру мақсатында кітаптар дайындалып, жарыққа шықты: 2014 жылы – «Бұқар жырау ауданының топонимикасы», 2015 – «Осакаров ауданының топонимикасы». Бұл кітаптардың тұсаукесері Шет, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында өткен «Ел тарихы – жер тарихы» атты семинарларда өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды насихаттау және мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Облыс телеарналарындағы «Мәңгілік тіл», «Кешкі ертегілер», «Тіл - тағдырым» атты арнайы хабарлар, «Жаңғырық» және «Сыр сандық» атты танымдық зияткерлік ойындар арқылы 2014 жылы – 20 телехабар мен 4 бейнеролик, 2015 жылы – 220 телехабар мен 8 бейнеролик, 2016 жылы – 20 телехабар мен 5 бейнеролик, 2017 жылы 62 телебағдарлама, 37 сюжет және 3 бейнеролик көрсетілді.  

Сонымен қатар 2014-2017 жылдары  көпшілікті қазақ тілін үйренуге тарту мақсатында облыстық «Қазақстан-Қарағанды» арнасы арқылы «Тілашар» оқыту телесабағы, 2014 жылы көрермендерге «1 Қарағандылық» телеарнасы арқылы «Тілтану» телехабарының 34 сабағы ұсынылды.

2017 жылы облыстық «Қазақстан-Қарағанды телеарнасы арқылы» үш тілге оқытатын  48 «ТВ уроки» - «ТВ сабақ» ұсынылды. Ағылшын тіліне оқытатын 6 телесабақ «Балқаш ТВ» телеарнасы арқылы ұсынылды. 

Облыстағы баспа БАҚ-та тіл саясатын насихаттау бағытындағы мақалалар үнемі жарияланып тұрады. Мәселен, баспа беттерінде жарияланған мақалалар саны: 2014 жылы – 300, 2015 жылы – 380, 2016 жылы – 400, 2017 жылдың 9 айында 670 құрады  

 

Кесте 7

Атауы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж. 9 ай

І.

Телесабақтар

1

«Тілашар» телехабары - «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы

-

-

-

-

2

«Тілтану» телехабары - «1 Қарағандылық» телеарнасы

34

-

-

-

3

«ТВ уроки» - «ТВ сабақ»

-

-

-

48

ІІ.

Телехабарлар, сюжеттер менбейнероликтер

1

«Тіл – тұғырым» және «Жаңғырық» танымдық интеллектуалдық ойыны

-

-

-

-

2

«Мәңгілік тіл» телехабары

20

10

-

8

3

«Сыр сандық»телехабары

-

10

10

 

4

«Кешкі ертегілер»телехабары

-

200

-

-

5

«Тіл – тағдырым»телехабары

-

-

10

-

6

Бейнероликтер

4

8

5

3

ІІІ.

Облыстықжәне жергілікті баспа БАҚ

 

1

Жарияланған материалдар саны

300

380

400

670

 

Өзекті мәселелер:

Бүгінгі күні мемлекеттік тілді және басқа да халықтардың тілдерін қолдану мен дамытудың құқықтық негіздері қалыптасқан. Мемлекеттік тіл саясаты тұрғындар тарапынан қолдау тапты, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңеюде, облыста тұрып жатқан халықтардың тілдерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалған.

                   Алайда, жеткен жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік тілдің деңгейі өмірдің барлық қоғамдық салаларында әлі де болса өз деңгейінде емес екендігін атап өткен жөн. Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін іске асыруға қажетті деңгейде меңгерген қызметкерлер жеткіліксіз. Қазақ тілді мектеп, балабақша, мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілді мамандарға қажеттілік бар. Мемлекеттік тілді оқытуда үйірмелер желісін кеңейту қажет.

         Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің әлеуетін дамыту тиіссіз деңгейде қалуда. Өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау түрлі шаралардың жүзеге асырылуын қажет етеді.

         Саланың ағымдағы және күтілетін проблемалары арасында келесілерді атап өтуге болады:

  • қоғамның барлық салаларында мемлекеттік тілдің жеткілікті деңгейде қолданылмауы және мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке жеткіліксіз деңгейде енгізу;
  • мемлекеттік тілді оқытудың жеткіліксіз дамыған инфрақұрылымы;
  • мемлекеттік тілді насихаттайтын мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, соның ішінде құжаттардың мемлекеттік тілде сауатты толтырылуына жауапты мамандардың, аудармашы-мамандардың жетіспеушілігі;
  • қалалар мен аудандардың жиын залдарында ілеспе аударманы қамтамасыз ететін білікті мамандардың болмауы;
  • ересек тұрғындарының мемлекеттік тілді оқуға деген ниеттерінің төмендігі;
  • мемлекеттік тілді меңгеру процесіне мониторинг жүргізу және көтермелеу жүйесінің болмауы, қоғамда мемлекеттік тілдің деңгейін арттыруға кедергі жасайтын факторлардың бірі болып отыр.
  • сыртқы көрнекі ақпарат және деректемелерді рәсімдеу барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына тиісті көңіл бөлмеушілік, сонымен қатар көрнекі ақпаратты рәсімдеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігінің жоқтығы.

 

SWOT-талдау

 

Оң ықпал

Кері ықпал

Ішкі орта

 

  Күшті жақтары

1)       Түрлі шаралар өткізу арқылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтары тілдерін насихаттау

 

Әлсіз жақтары

1)       Мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу процесі баяу жүзеге асырылуда

Мүмкіндіктер

1)     Қаржыландырудың артуы;

2)       Өткізілетін шаралар санының көбеюі

Қауіп-қатерлер

1)       Сауатты, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі

 

 

Оң ықпал

Кері ықпал

Сыртқы орта

     Күшті жақтары

1)       Мемлекеттік тілді оқытатын телебағдарламалар көрсету жолымен, мемлекеттік тілді танымал ету;

2)       Тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша роликтер көрсету арқылы тұрғындарды көбірек қамту, банерлер орнату

 

Әлсіз жақтары

1)       Өңірлерде Қазтест стандарты бойынша оқу-әдістемелік кешендердің жеткіліксіздігі  

  Мүмкіндіктері

1)       Қала тұрғындары тарапынан мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқуға деген қажеттілік;

2)  Қалаларда орналасқан орта мектептер және ұлттық мәдени бірлестіктер жанында орналасқан оқыту орталықтарының жоғары белсенділігі;

3) Мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген өзге ұлт өкілдері балалары санының артуы, байқауларда қатысу белсенділіктерінің жоғарылығы;

4) Мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің артуы

Қауіп-қатерлер

1)       жұмыс берушілер тарапынан талаптың жоқтығынан, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санының азаюы;

2)       жарнама агенттіктері тарапынан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталмауы

 

  1. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

       Үш тұғырлы тіл

Мақсаты: Бәсекелестікке қабілетті адам капиталы

 

Мақсатты индикаторлар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

1

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

74

76

79

82

85

2

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

6

9

12

15

18

3

 Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

4,5

6

8

10

12

               

 

Қол жеткізу жолдары:

Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін жүзеге асыру үшін бағдарламанының жүзеге асырылу кезеңінде мемлекеттік тілді және облыс аумағында өмір сүріп жатқан ұлттардың ана тілдерін дамытуға бағытталған конференциялар, семинарлар, байқаулар, тіл олимпиадаларын өткізу көзделген.

Сонымен қатар, келесі бағытта да жұмыстар жүзеге асырылатын болады:

  • мемлекеттік мекемелерде тіл заңнамасының сақталуын қадағалау;
  • мемлекеттік емес мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының сақталуын қадағалау;
  • тілдерді оқыту орталықтарында мемлекеттік қызметкерлерге және басқа да санаттағы азаматтарға мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқыту бойынша жұмысты жетілдіру;
  • аудармашылардың біліктіліктерін арттыру курстарын және тілдерді оқыту орталықтары мен курстарының оқытушыларына дайындық курстарын өткізу;
  • облыс аумағында түрлі топтар арасындағы тілдік жағдайды зерттеу мақсатында әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу (жылына 1 әлеуметтік зерттеуден кем емес);
  • мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында, «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу жұмыстарын жүргізу;
  • мемлекеттік тілді игеруге ниет білдірген тұлғаларға тіл оқыту жұмыстарын жүргізу;
  • «Қазтест» жүйесі стандартына негізделген «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу (В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешен және А1, А2 деңгейлеріне арналған аудиодиск);
  • БАҚ-тағы мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалардың санын арттыру.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

 

млн.тг.

Мақсаттардың атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Өңірде үштілділікті дамыту

42,6

60,2

50,1

52,6

57,9

 

Қысқарған сөздердің мәні:

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

 

 

Қарағанды облысының  

тілдерді дамыту жөніндегі

басқармасының басшысы                                                Г. Қаңтарбекова