Бүгін: 28.01.2020

Бүгін Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде Балқаш және Приозерск қалалары бойынша Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі қаралды.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхаммедғали Ілиясұлы Әбдуовтың құрастыруымен жарыққа шыққан «Тура биде туған жоқ» кітабының тұсаукесері өтті.

Бүгін Достық үйінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауының қорытынды кеші өтті. Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру, өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлеріне қолдау көрсету, Ақселеу Сейдімбектің ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармалашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақ поэзиясының алыбы, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасының марапаттау шарасы өтті.