Бүгін: 28.05.2020

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, мемлекеттік және ағылшын тілдерінің курстары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының базасында қазақ тілі курсында 200, ағылшын тілі курсында 115 тыңдаушы қашықтықтан оқытылуда.

Бұған дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының базасында 2018 жылы – 45 тыңдаушы, 2019 жылы – 75 тыңдаушы мемлекеттік тілді қашықтықтан оқыту курсына қамтылған болатын. Ал 2019 жылы Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізіп, қашықтықтан оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілдерін қашықтықтан оқыту   курстарының ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін барлық топтарға (қазақ тілінен 14 топ, ағылшын тілінен 8 топ) WhatsApp желісінде топ құрылып, 315 тыңдаушының gmail электронды поштасының тізімі жасалды. Google classroom-да әр топқа курс ашылып, тыңдаушылар тіркелді. Мұғалім күнделікті әр сабақтың ГРАММАТИКАЛЫҚ, ТЫҢДАЛЫМ, ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ тапсырмаларын, слайдтарын, аудио және бейне материалдарын жүйелі жіберіп отыр. Жаңа сабақтың грамматикалық минимумын оқытушы бейне жазба арқылы түсіндіріп,  Socrative, EasyQuizzy бағдарламаларында бекітіп отырады. Қашықтықтан оқытуда лексикалық минимумды бекіту үшін Quizlet бағдарламасы, ал  жазылым жұмыстары үшін Padlet, IDroo тақталары тиімді қолданылуда. Айтылым дағдысын қамту үшін тыңдаушылар тапсырмаларды орындап, аудио және бейне жауаптар жіберіп отырады.

Аралық бақылау жұмыстары Socrative онлайн бағдарламасы арқылы тапсырылады. Барлық онлайн бағдарламалардың статистикасы Exсell форматында сақталып, бағаланып, топ үлгерімі қадағалануда.  Classroom бағдарламасында сабақтардың жүйелі өтуін, тыңдаушылардың сабаққа қатысуын әдіскерлер үнемі бақылауда ұстап, есеп беріп отырады.