Бүгін: 28.05.2020

2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым...»  атты дәстүрлі республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастыру

9 590,0

Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалы директоры А.Кептербаевтың (псевдоним С.Сағынтай)

20.03.2020 ж. ұсынысы

18-40 жас аралағындағы жастар

Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің кенен тарихы мен жарқын жетістіктерін қара өлеңнің құдіреті арқылы дәріптеу. Кем дегенде 50 қатысушы, 17 жүлдегер, жаңа есімдер мен жаңа шығармалар

2

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауын ұйымдастыру

3 214,0

Академик Е.А.Бөкетов ат.

Қарағанды мемлекеттік университетінің

профессоры, филология

ғылымдарының докторы                                                 Ж.Ж.Жарылғаповтың    

18.03.2020 ж. ұсынысы

16-35 жас аралығындағы жастар

мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, облыс тұрғындарының тіл мәдениетін көтеру;

көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;

өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Кем дегенде 30 қатысушы, 10 жүлдегер, жаңа есімдер мен жаңа шығармалар

3

Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің ережелерін үйрету бойынша «Үздік әдістеме» байқауын өткізу

1700,0

13.04.2020ж.

№ 4

«TilKz» ЖМ өтініші                

Мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдарының оқытушылары, әдіскерлері, өңірлердегі латын графикасын еңгізуге жауапты мамандар, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары

 

Мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдарының оқытушылары, әдіскерлері, өңірлердегі латын графикасын енгізуге жауапты мамандар, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары жаңа әліпбиді тиімді оқыту әдістерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасады. Үздік әдістемелерді анықтап және оларды оқыту процесінде пайдалана алады.

4

«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» жаңа әлеуметтік маңызды жобасы

7566,0

08.04.2020ж.

№ 12

«Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің өтініші

 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар

көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Абай, Осакаров аудандарында және Саран, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңнама талаптарын түсіндіру

 

Барлығы

22070,0