Бүгін: 28.05.2020

ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен #ONLAIN-dabol жобасы аясында ү.ж. 13-17 сәуір аралығында республиканың түкпір-түкпіріндегі тіл оқыту орталықтары мамандарына арналған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курс өткізілді.

Бес күнге жоспарланған онлайн курста қазақ терминдерін қалыптастыру, сараптамадан өткізу, қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып терминдер нұсқаларын талқылауға қашықтан қатысу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қазақ тілін меңгергісі келетін ересек азаматтарды оқыту үдерісіндегі жаңалықтар, тіл меңгеру деңгейлерін бағалаудың ҚазТЕСТ жүйесіндегі өзгерістері, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісінің ғылыми негіздемелері мен ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыру жолдары талқыланды. Бұдан басқа қазақ тілін үйренуге ынталы азаматтарға қазақ тілін оқытуға арналған tilqural.kz сайтын пайдану ерекшеліктері таныстырылды.

Онлайн курсқа Облыстық тіл басқармасының бөлім басшылары, Ресурстық тіл орталығының мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының мамандары қатысты.