Бүгін: 28.05.2020

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ақпан-сәуір айларында ұйымдастырылған қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары аяқталып, тыңдаушылардың үш ай бойы жиған-терген білімдерін қорытындылау мақсатында сынақ жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың 29-30 сәуірінде облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары тыңдаушылардан қашықтықтан емтихан қабылдады.

Емтихан билет түріндегі ауызша тапсырмалардан, диктант түріндегі жазбаша жұмыстан және «Қазтест» жүйесі бойынша құрастырылған тыңдалым, лексика-грамматикалық, оқылым бөліктерін құрайтын тест тапсырмаларынан тұрады.

Аталмыш кезеңде қазақ тілін оқыту курсына 200 адам қамтылса, ағылшын тіліне 115 адам қамтылды. Олардың құрамында мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер және жеке тұлғалар бар.