Бүгін: 28.05.2020

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай енгізілуіне және өңірдегі карантинге байланысты, мемлекеттік және ағылшын тілдерінің курстары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілген болатын.

Ағымдағы жылғы 4 мамырдан бастап, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ және ағылшын тілдерін қашықтықтан оқыту курстарының 2-ші кезеңі басталды. Аталмыш кезеңде қазақ тілі курсында 150, ағылшын тілі курсында 100 тыңдаушы қашықтықтан оқытылуда.

Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілдерін қашықтықтан оқыту   курстарының ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін барлық топтарға WhatsApp желісінде топ құрылып, 250 тыңдаушының gmail электронды поштасының тізімі жасалды. Google classroom-да әр топқа курс ашылып, тыңдаушылар тіркелді. Мұғалім күнделікті әр сабақтың ГРАММАТИКАЛЫҚ, ТЫҢДАЛЫМ, ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ тапсырмаларын, слайдтарын, аудио және бейне материалдарын жүйелі жіберіп отыр. Жаңа сабақтың грамматикалық минимумын оқытушы бейне жазба арқылы түсіндіріп,  Socrative, EasyQuizzy бағдарламаларында бекітіп отырады. Қашықтықтан оқытуда лексикалық минимумды бекіту үшін Quizlet бағдарламасы, ал  жазылым жұмыстары үшін Padlet, IDroo тақталары тиімді қолданылуда. Айтылым дағдысын қамту үшін тыңдаушылар тапсырмаларды орындап, аудио және бейне жауаптар жіберіп отырады.

Аралық бақылау жұмыстары Socrative онлайн бағдарламасы арқылы тапсырылады. Барлық онлайн бағдарламалардың статистикасы Exсell форматында сақталып, бағаланып, топ үлгерімі қадағалануда.  Classroom бағдарламасында сабақтардың жүйелі өтуін, тыңдаушылардың сабаққа қатысуын әдіскерлер үнемі бақылауда ұстап, есеп беріп отырады.