Бүгін: 28.05.2020

ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ү.ж. 30 наурыздан 10 сіуір аралығында «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты онлайн курс өткізді. Семинар барысында тіл мамандары, лингвист ғалымдар мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі, ауызша сөздің тілтанымдық негіздері, әдеби тіл нормасы, емле ережесінің қалыптасу тарихы, үздік педагогикалық технологиялар тақырыптары аясында дәрістер оқыды.

Сонымен қатар, аталмыш курста Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Р.Жақанова да «Мәтінді бейімдеу және оған қойылатын талаптар» атты тақырыпта дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Ж.Р. Жақанованың дәрісі барысында теориялық ақпарат беріліп қана қоймай, түрлі танымдық тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды. Тыңдаушылар берілген тапсырмаларды практикалық тұрғыда орындай отырып, алған білімдерін теориялық тұрғыда жетілдіре бекітті.

Онлайн курс барысындағы дәрістер оқытушылардың кәсіби біліктіліктерін арттырып, мемлекеттік тілді оқыту барысында қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің қатарын толықтырды.

P.S. Онкүндік курстан онжылдық азық алынды.