Бүгін: 24.10.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үштұғырлы тіл» мәдени жоба аясында  тілдерді оқыту жұмысын  жетілдіру мақсатында  «Ересектерге ағылшын тілін оқыту үдерісі: ақпараттық технологиялардың тиімділігі» семинар-тренинг 2016 жылғы 25 қарашада  Қарағанды қаласында өткізілді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  өкілі  семинарды кіріспе сөзбен ашып,  Елбасының «Үш тұғырлы тіл» туралы идеясына тоқталды. 

 Аталмыш шараға өңірлерден,  орта арнайы және жоғары оқу орындарынан 40-тан  астам адам қатысты.

Семинар жұмысына академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы «Рresentations and practice activities in teaching a foreign language», Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Әбдікерова Гүльбану Химелденқызы «Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық-технология: теориядан тәжірибеге» тақырыптарында пікір алмасты.

Семинар-тренингке қатысушыларға сертификаттар табысталды.