Бүгін: 24.10.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 тамызы күні облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Конституция күні аясында ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, халықтың рухани бірлігін нығайту болып табылады. Шара 3 бөлімнен тұрды:

1 бөлім : Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.

2 бөлім: «Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.

3 бөлім: Абай әнін орындау (1 ән).

Шара басталмас бұрын басқарма өкілдері мен комииссия мүшелері «Шалқыма» концерттік бірлестігі алдында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Биылғы жылғы байқауға облысымыздың әр өңірінен барлығы 11 адам қатысты. Бас жүлде Нұра ауданының тумасы, Қарағанды Экономикалық Университетінің студенті Бережнова Анастасияға бұйырды. 2 орынды Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылынан келген Путятина Оксана мен Осакаров ауданынан келген Иванова Анастасия алды. Ал жүлделі 3-орынды Приозерск қаласынан келген Оруджова Тамилла, Саран қаласынан келген Гофман Ангелика және Жезқазған қаласынан келген Цой Маргарита алды. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.