Бүгін: 24.10.2019

2016 жылдың 29 тамызы күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Шара  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Конституция күні аясында өткізілді.

Семинар-кеңестің мақсаты: Елбасының Жар­лығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары, кәсіпкерлер палаталарының, жарнама агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Г.Қаңтарбекова ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Әділованың «Көрнекі ақпараттардағы атаулардың уәждемесі» атты баяндамасы, Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыртқы жарнамалар және оларды ресімдеу секторының меңгерушісі-бас суретші Ю.В. Плужникованың «Выполнение требований Закона РК «О рекламе», регулирование вопросов размещения объектов наружной рекламы, ответственность за нарушение в области размещения наружной рекламы» атты баяндамасы және Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі инспекторы М.Тасболатованың «Көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамаларды орналастыруға келісім беруді «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері» атты баяндамалар тыңдалды. Баяндамашылардан кейін семинарға келген мамандар көрнекі ақпарат бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.