Бүгін: 20.09.2019

Орталық коммуникациялар қызметінің Қарағанды облысы бойынша аймақтық алаңында 2016 жылдың 1 қыркүйегі күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Қаңтарбекова Гүлнәрайым Хасенқызының қатысуымен «Мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында брифинг өтті. Гүлнәрайым Хасенқызы осы жылғы басқарма жұмысымен толықтай таныстырып өткен соң, БАҚ өкілдері тіл саясатына қатысты сұрақтарын қойды.

Сұхбат барысында облыс тұрғындарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мем­лекеттік бағдарламасында көрсетілген индикаторлардың орындалысы, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын «Қазтест» жүйесіне қамту, этномәдени бірлестіктермен жұмыс барысы, үштілділік бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы туралы сұрақтар көтерілді.