Бүгін: 17.07.2019

2016 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды қаласының №38 гимназиясында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарын анықтау мақсатында «Қазақ тілін оқыту әдістері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, БАҚ өкілдері (60 адам) қатысты.

Семинар барысында баяндамалар тыңдалды:

- Казиза Габдоллаевна Смагулова және Муратбек Балтинович Сулейменов – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері;

- Алмагуль Акмашевна Игенова - Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры;

- Бақыт Жеңісқызы Ахнаева, Қарағанды қаласы №93 гимназиясының мұғалімі және Алмагуль Амангельдиновна Сакимбаева Қарағанды қаласы, №38 гимназиясының мұғалімі

Қатысушыларға шеберлік сыныптар ұсынылып, қазақ тілін заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту жүйесі жөнінде біртақар мәселелер қозғалды.