Бүгін: 24.10.2019

2016 жылдың 12-14 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізді.

Аталған шара Ақмола облысы  Бурабай ауданы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің 15 жеңімпазы қатысты. Қарағанды облысының намысын Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  НұрханНұрланов қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш байқаудан алған әсерімен Нұрхан: «Тек қана керемет жарыс ұйымдастырмай, сонымен қатар Қазақстанның болашақта бетке ұстар ақылды да парасатты азаматтарымен кездестірген  ұйымдастырушылырға алғысым шексіз. Сакеннің жырлаған, Абылайдың тұрақтаған жерін көріп, әсерлі де мәңгілікке ұмытылмас сәттерге ие болғаныма қуаныштымын!» - деп бөлісті. Біз де жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!