Бүгін: 17.07.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2016 жылдың 26 қазанында ұйымдастырған «Таза мінсіз асыл сөз...» атты облыстық шешендік өнер байқауының да басты мақсаты: тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау және де өңіріміздегі тілге шешен, ділмәр жастарды анықтау болды.

Байқаудың шарты бойынша байқауға 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Облыстың әрбір өңірінен келген 23 сайыскер «Сәлемдесу  салтымыз», «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Шешендік  шеберлік» кезеңдерінде сынға түсті. Құрамында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, профессор, ф.ғ.д Әбдуов М.І., С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмабеков К.Н., облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру аймақтық орталығы» КМҚК оқытушысы, шешендік өнерді зерттеуші Мұсабеков Б.М., «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС бас редакторының бірінші орынбасары Мұсабек Е.К., Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртісі, дәстүрлі әнші Карипжанова М.С. бар қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау барысында олардың сөйлеу шеберлігіне, сөз қолданысына, байырғы сөздерді орнымен түрленте пайдалануына, ойының жүйелігіне, тіл байлығына, шешендік шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударды.

Ақтық сында Бас жүлдені Дүйсенбай Қайсар (Қарағанды қ.), 1-ші орынды Юсуп Еламан (Приозерск қ.), 2-ші орынды Нүркенова Толғанай (Саран қ), 3-ші орынды Оспанов Бекарыс (Қарағанды қ) иеленді.