Бүгін: 24.10.2019

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатында  ағымдағы жылғы 28 қазанда «Үштұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» атты ақпараттық-насихаттау шарасы Қарағанды, Теміртау қалаларында өткізілді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  өкілі  аталмыш шараны кіріспе сөзбен ашып,  Елбасының «Үш тұғырлы тіл» туралы идеясына тоқталды.

Шараға академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы«Танымдық үдеріс ретіндегі үштұғырлы тіл саясаты», Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ғылыми қызметкері Зеткүл Құралқызы Абдрахманова «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыптары бойынша ой қозғап, пікір алмасты.

Сонымен қатар, шараға қазақ тілі пәні бойынша Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, Облыстық «Тілдарын» олимпиадасының жүлдегері, №38 гимназияның 11-сынып оқушысы Хван Кристина, дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің оқушысы Вадим Струшко «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашаққа бастар жол» тақырыбында жергілікті жердің жастарымен ой бөлісті.