Бүгін: 20.09.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылдың 21 сәуірінде аса ірі саяси тұлға, би, шешен, философ, мәмілегер, қазақ ұлтының тарихында өшпес із қалдырған Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция мынадай секциялар аясында өтеді:

  1. Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты
  2. Шешендік өнер және тіл мәселесі
  3. Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны

Қатысамын деушілер 2017 жылдың 15 наурызына  дейін өтінішін, өзі туралы мәліметті, ғылыми мақаласын ұйымдастыру комитетіне: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жіберу керек.

Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-70-84, 56-74-76,

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

Баяндама негізгі мәтіндік редактор Microsoft Word 2007 арқылы жол арасы бір интервалмен 3-4 беттің көлемінде басылуы керек. Қаріп: “Times New Roman”, 14 кегль. Беттің параметрі: жоғары жағы – 2.5 см, басқалары – 2 см. Баяндама дискімен, басылған қағаз нұсқасымен қоса жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс.

Мақалалар жинағын шығару ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

Конференцияға қатысушысының өтініш беру формасы:

Тегі, аты-жөні

 

Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)

 

Облыс, қала/аудан

 

Лауазымы (қызметі)

 

Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы

 

Мекенжайы (үйдің мекенжайы, пошта индексімен)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекенжайы (е-mail)

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция атауы

 


Ұйымдастыру алқасы