Бүгін: 17.07.2019

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп қағидаларын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» атты мобильдік қосымша әзірленді.

Аталмыш қосымшада мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдар, әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпараттар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін анықтау бойынша тест орналастырылған.

Мобильдік қосымшаны ұялы телефонға Appstore, Android  және Windows store платформаларында жүктеу қолжетімді болып табылады.