Бүгін: 21.11.2019

Елбасы үндеуінде жүзеге асырылуы көзделген саяси реформалар жайлы жан-жақты  түсінік қалыптастыру,  облыстық басқармалар мен департаменттер, қала мен аудандардың тілге жауапты мамандарына Мемлекеттік тілді оқытудың Ұлттық стандартының маңыздылығы, бірүлгі (типтік) бағдарламаның ерекшелігі, оның оқу барысында қолдану тиімділігін  түсіндіру  мақсатында  2017 жылдың 10 ақпанында Қарағанды қаласындағы Достық үйі ғимаратында  «Конституциялық реформа – мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы тарихи маңызды кезең» атты дөңгелек үстел өтті.

 Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнәрайым Хасенқызы Қаңтарбекова модераторлық еткен дөңгелек үстел барысында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, профессор, филология ғылымдарының докторы  Мұхаммедғали  Ілиясұлы  Әбдуов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры Нұрлыбек Маманұлы Әубәкіров,  Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Жұпар Рысқұлқызы Жақанова   сөз сөйлеп,  қатысқандармен пікір алмасты.

Дөңгелек үстел барысында Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі талқыланып, тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықтаудың нәтиежелері, көрсеткіштері талданды, мемлекеттік тілді оқыту бойынша Ұлттық стандартқа негізделген бірүлгі бағдарлама жайында  мағлұмат берілді.