Бүгін: 21.11.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 10 наурыз  күні сағат 10.00-де  «Болашақ» академиясының ғимаратында «Қазтест» негізінде  оқытудың жаңа инновацияларымен таныстыру мақсатында облыстық «Қазтест стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинар жұмысына «Назарбаев Университеті» қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Зейнехан Сейтханқызы Күзекова, Астана қаласы, «Haileybury Astana» британдық мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, қазақ филологиясының магистрі Айдар Қалайбердіұлы Балабеков шақырылды.