Бүгін: 21.11.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жоспарына сәйкес мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту топтарында ашық сабақтар  өткізілді. Ағымдағы жылғы 15-17 наурыз аралығында Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі  және ағылшын тілінің оқытушылары Л. Есембаева Ұлттық Ұлан 52859 әскери бөлімінде, «Көршіңізбен қалайсыз?»,  Б.Мұқашева  Технология және сервис колледжінде «Present simple, Food»,  М.Ағымбаева Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінде «Ауа райы.

Қатыстық сын есім»,   Г.Әбдікерова  Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында  «My home town»,  Д. Қуанбаева құрама топта «Жыл мезгілдері»,  А. Ботабек Тамақтандыру және сервис колледжінде  «Сіз немен айналысасыз? Ауыспалы осы шақ» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

Оқытушылардың тыңдаушылармен қарым-қатынасы, олардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары екенін ашық сабақтардан көруге болады.

Ашық сабақтарға Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы С.Нелдібаева, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Ж.Жақанова  қатысып, сабаққа талдау жасады.

Оқытушылардың жаңа материалды игеруде қолданған әдіс-тәсілдері тыңдаушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.