Бүгін: 24.10.2019

2017 жылғы 3 қарашада Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының ұйымдастыруымен Шахтинск қаласының әкімдігінде қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша ақпараттық-насихаттау тобының Шахтинск қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті.

Аталған шарада  Шахтинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Лариса Буравко модератор болып, мұғалімдер, оқытушылар, болашақ филологтар, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті шет тілдері факультетінің доценті, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жаңбырбай Қағазбаев, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тарихшы, «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлан Ошанов ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен таныстырды, өзекті тақырып бойынша кеңінен талдап, сұрақтарға жауап берді.