Бүгін: 24.10.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  Достық үйінің конференц залында «Этномәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарында мемлекеттік тілді және ана тілдерін  дамытудағы өзекті мәселелер» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында этномәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстары мен жексенбілік мектептердің оқытушылары:  «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жанындағы жексенбілік мектептің қазақ тілі оқытушысы  Өмірзақова Бақыт Ерембекқызы «Мерейлі отбасы», «Идел» татар, татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтар қауымдастығы» ҚБ жанындағы   жексенбілік мектептің татар тілі оқытушысы Садрединова Гульфия Қадыровна «Татар тілі сабағында  ұлттық компоненттерді пайдалану», «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамы жанындағы жексенбілік мектептің поляк тілі оқытушысы Веслава Барбара Собишек «Поляк тілін ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр арқылы оқыту», «Видергебурт» неміс орталығы Қарағанды облыстық қоғамы Шахтинск қаласындағы жексенбілік мектептің неміс тілі оқытушысы Абдрахманова Алена Разиховна «Неміс тілі сабағында коммуникативтік технологияны пайдалану», қазақ тілі оқытушысы Байғұлақова Жанар Жарқынқызы «Қазақстан қалалары» тақырыптарында үлгілік сабақтарын көрсетіп, ересектерді оқытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Семинар-тренингке этномәдени бірлестіктер өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.

         Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.