Бүгін: 24.10.2019

Елбасы биылғы Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын жеткізді. Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы қиын-қыстау кезеңінде бірінші жаңғыру бастау алған болатын. Ол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға батыл қадам жасалып, аз шығынмен зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ал екінші жаңғыру тұсында елордамыз Астанаға көшіріліп, «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Бұл жылдары да мемлекетіміз елеулі табыстарға жетіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Үшінші жаңғырудағы бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Алдағы бағдар өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін көре және қолдана білу болып табылады.

Жолдауда адами капитал сапасын жақсарту басымдығы атап көрсетілген. Жетінші бағыт бойынша білім берудің жаңа сапасына негізделген барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігі туралы жан-жақты ашып көрсетілген. Қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екендігі туралы айтылған. Бүгінгі күні латын графикасына негізделген қазақ тілінің басқару тіліне қалыптастыру үшін терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату арқылы қол жеткізуге болады. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттейді, ендігі кезекте арнайы кезеңдерге арналған жүйелі жұмыстардың нәтижелері күтілуде. Латын графикасына көшу мәселесінің тікелей талаптарының бірі – терминдерді біріздендіру болып табылады. Жүйелу жазуы, тілі бар мемлекеттің ғылыми тілінің негізі болып табылатын терминдердің алуан түрлі қорының әртүрлі атаулармен жарыса қолдануы бұл мәселенің күрделі екендігін көрсетеді. Түрлі экстралингвистикалық факторлар мен психолингвистикалық үрдістердің термин шығармашылығына тікелей әсер етеді. Ендеше, терминдерді осы латын жазбасының аясында біріздендіруіміз қажет.  Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар әр азаматтың келешегінің кемел де жарқын болуына барлық мүмкіндіктерді тудыратыны айқын. 

 

Э.Ахметжанова,

Абай ауданы