Бүгін: 24.10.2019

2018 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалдау» АҚ «Қарағанды жүк тасымалдау» бөлімшесінің директоры Жамбылов  Мұхтар Нұрғалиұлының  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы туралы есебі тыңдалды.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы – комиссия төрағасының орынбасары Г.Қаңтарбекова және комиссия мүшелері өңірлерлік мекеме басшыларына Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы уақытта орындалуы жөнінде сұрақтар қойды. Мекеме директорына қызметкерлерді қазақ тілі курстарына жолдау, сонымен қатар, қазақ тілін білу деңгейлерін анықтау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеумен қамту жөнінде ұсыныстар берілді.

Сол сияқты, Комиссия мүшелерінің назарына 2018 жылға арналған жоспар шығарылып, отырысқа қатысушылардың барлық ұсыныстары ескерілді. Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар жұмыс барысында басшылыққа алу және орындау үшін жолданатын болады.

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия 2011 жылдан бері әрекет етеді, отырыс жылына 4 рет өтеді.