Бүгін: 21.09.2019

2018 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу: мәселелер мен міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

 Лингвист, әдебиеттанушы ғалымдар – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шара Мәжітаева, аталған университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Алмаз Мырзахмет, "Болашақ" академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманғазы Сембиев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы, саясаттанушы Серік Мұстафин, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың, тілдерді оқыту орталығының, Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлерінің қатысуымен өткен іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығымен бекітілген әліпбиді қолдануда, үйрену мен үйретуде туындауы мүмкін мәселелер сараланып, енгізілетін әліпби мен емле ережелерінің негізгі принциптері талқыланды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміз үшін тарихи қадамның мән-маңызы мен алдағы уақытта жұдырықтай жұмыла атқаратын ауқымды жұмыстарға тоқталды.