Бүгін: 21.09.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 15 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әдебиеті тарихындағы танымал тұлға, зар заман ағымының көрнекті өкілі, ақын, жырау Шортанбай Қанайұлының  200 жылдық мерейтойына арналған «Шортанбай жырау тұлғасы: дәуір шындығы және ұлттық дүниетаным» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

 

Конференция төмендегідей секциялар аясында өтеді: 

 1. Ақындар мұрасындағы зар заман ағымы

 2. Шортанбай жырау шығармаларындағы заман келбеті

 3. Рухани жаңғыру және тіл білімі мәселелері

Конференцияға қатысамын деушілер өтінішін, өзі туралы мәліметті және ғылыми мақаласын (5-7 бет) 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберулері қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-74-76

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

  • Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);
  • Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мекемесі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, екі жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.
  • Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.
  • Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дереккөз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар жинағын шығару ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

Конференцияға қатысушысының өтініш беру формасы:

 

Тегі, аты-жөні

 

Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)

 

Облыс, қала/аудан

 

Лауазымы (қызметі)

 

Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы

 

Мекенжайы (үйдің мекенжайы, пошта индексімен)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекенжайы (е-mail)

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция атауы