Бүгін: 19.06.2019

2018 жылдың 26 наурызында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық және сертификаттық тест тапсыру жұмыстарын ұйымдастырды.30 наурызға дейін жалғасатын тестілеу жұмыстарымен Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларындағы, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Нұра аудандарындағы мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қамтылатын болады.Жалпы 2018 жылы тестілеу жұмыстарын төрт кезеңге бөліп өткізіп (наурыз, мамыр, қыркүйек, қараша), 6000-ға жуық адамды қамту жоспарлануда.