Бүгін: 20.09.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 30-31 мамыр күндері Достық үйінде аудармашылардың ілеспе, сөзбе-сөз аудару бағытындағы біліктілерін арттыру мақсатында  «Ілеспе аударма тәжірибе жүзінде» тақырыбында дайындық курсы өтті. Курс жұмысына облыстық басқарма, департаменттердің,  облыстық прокуратура, қалалық, аудандық әкімдіктердің оларға қарасты құрылымдық бөлімдердің, «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазақмыс Энерджи», «Қарағанды су» ЖШС аудармашылары, тілге жауапты мамандары қатысты. 

Іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық «Үздік аудармашы» байқауының  бас жүлде иегері, ілеспе аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова, саяси ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сәтжан Тұрғанәліұлы Мейірманов, ілеспе аудармашы Абдрахманова Ақерке Жұмашқызы ілеспе аударма жасаудың теориялық негіздері, ілеспе аудармашының психологиялық және кәсіби дайындығы, ілеспе аудармада қолданылатын әдістер мен тәсілдер бойынша баяндама жасап, практикалық жаттығулар өткізді. Курстың 70%-ы практикалық жаттығуларға бөлінгенін атап өткен жөн.

 Курстың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.