Бүгін: 07.12.2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты  комитетінің бастамасымен Қарағанды қаласында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты республикалық семинар өтті. Ү.ж. 17 қыркүйектен бастау алған семинар аясында жұмыс тобының мүшелері Саран қаласы, Осакаров және Абай аудандарында болып қайтты.

Мемлекеттік тілді дамытуды, оның қолдану аясын кеңейтуді насихаттау мақсатында өткен шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дос Көшім, мемлекет және қоғам қайраткері, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы, Терминология және онамастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышов, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова қатысты.

Семинар барысында рухани мәдениетіміз жайлы, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің орнына ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру турасында мәселе қозғалды.

Аталған шараға үш күннің ішінде 700-ге жуық адам қатысты.