Бүгін: 07.12.2019

Астанадан келген жұмыс тобының 3 күндік көшпелі түсіндіру-насихаттау жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Абай, Осакаров аудандарының, Саран, Қарағанды қалаларының тұрғындарымен жүздескен Дос Көшім; Оразгүл Асанғазы; Жапсарбай Қуанышев сынды қоғам қайраткерлері Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметі базасында өткізілген брифинг барысында журналистердің сұрқатарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылған "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" іс-шаралар кешенімен латын әліпбиіне көшу, ономастика, мемлекеттік тіл мәселесін кеңінен түсіндіру көзделген.