Бүгін: 07.12.2019

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ «ТҮРКСОЙ» ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІН ЖӘНЕ ӨНЕРІН ДАМЫТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымымен және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе 2018 жылдың 26 қазанында Қарағанды қаласында ұлттық термин жасау ісінің тарланбозы, ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция төмендегідей секциялар аясында өтеді:  

  1. Ісләм Жарылғапов және қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
  2. Терминология және аударманың өзекті мәселелері
  3. Латын әліпбиіне көшудің ғылыми-әдістемелік негіздері

Конференцияға қатысамын деушілер өтінішін, өзі туралы мәліметті және ғылыми мақаласын (3-5 бет) 2018 жылдың 15 қазанына дейін  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберулері қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-74-76

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

  • Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);
  • Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мекемесі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, екі жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.
  • Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.
  • Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дереккөз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар жинағын шығару ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Конференцияға қатысушысының өтініш беру формасы:

Тегі, аты-жөні

 

Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)

 

Облыс, қала/аудан

 

Лауазымы (қызметі)

 

Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы

 

Мекенжайы (үйдің мекенжайы, пошта индексімен)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекенжайы (е-mail)

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция атауы

 

         Ескерту: мақаланы ресімдеу үлгісі қоса беріліп отыр (келесі бетте)

 

Ісләм Жарылғапов және қазақ терминологиясы

 

Жақанова Жұпар Рысқұлқызы

Қарағанды облысының тілдерді

оқыту орталығының аға әдіскері,

педагогика ғылымдарының магистрі

 

Мақала мәтіні...

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2005. Т.2. Сөз өнерінің эстетикасы. – 442 б.
  2. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.2: Роман, повестер, әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1993. – 496 б.
  3. Аймұхамбетова Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында): филол. ғыл. докт. дисс. авторефераты. – Астана: 2010. – 47 б.