Бүгін: 07.12.2019

«Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің мамандары ү.ж. 21 қыркүйекте облыстық білім басқармасына қарасты «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі» КММ-нің сұранысы бойынша «Латынша жазып, дағдыланамыз» атты кезекті тренингті өткізді.

Тренингті өткізу барысында бастапқыда қатысушыларда ішкі психологиялық кедергілер болған, алайда әрбір әріптің ерекшелігіне мән беріліп, жаңа әліпбиді меңгерудің тиімді жолдары қарастырылған соң бұл мәселе өз шешімін тапты. Жазу дағдысын қалыптастыру үшін тренингке қатысушылар акуты бар әріптерден буын құрап, сөздер жазуға үйренді. Сондай-ақ қатысушылардың бастамаларымен қосымша тапсырмалар орындалып, өлең жолдары мен көлемі шағын мәтіндерді латын графикасында көшіру арқылы жазу дағдылары қалыптастырылды. 

  Шара соңында қатысушылар сөйлемді еркін және сауатты жазу деңгейіне дейін жетті. Сондай-ақ мекеме қызметкерлері тарапынан жаңа әліпбиге қатысты сұрақтар қойылды, алайда бұл мәселе кейінгі тренингтарда емле ережесі шыққаннан кейін қайта талқыланатын болатыны туралы ескертілді.