Бүгін: 07.12.2019

Ү.ж. 22 қыркүйекте EngliKaRus+ жобасының аясында SBTC оқыту орталығы Казақстанда үштілдікті дамытуға бағытталған полиглоттар байқауын өткізді. SBTC оқыту орталығы Қазақстанда үштілдіктің дамуын насихаттай отырып, 25 жыл бойы ағылшын, қазақ және орыс тілдерін оқуға облыс тұрғындарына керемет мүмкіндік беруде. осыған дәлел 2016 жылы бастау алған аталмыш жоба болып табылады.  

Алдыңғы жылы байқауда әділқазы мүшесі ретінде АҚШ елшілігінің волонтерлары Бен Тэйлор мен Джордан Бакки қатысса, осы жылы шақырылған әділқазы мүшесі ретінде Ресурстық тіл орталығының директоры Мұстағұлова Гүлназ Серікқызы қатысып қайтты.

Гүлназ Мұстағұлова өз кезегінде қаламыздың оқушылары мен студенттерінің тамаша тілдік дайындығы мен белсенді қатысуын атап өтіп, өз атынан ғана емес, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының атынан оларға болашақта сәттілік отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білімін одан әрі кеңейтуді тіледі.

Байқауда бірінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ерасыл Маулет иеленсе, екінші орын Қарағанды қаласының 97 гимназиясының оқушысы Әлішер Сексенбаевқа, ал үшінші орын Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернат оқушысы Арыстан Түсіпке табысталды.

Аталмыш байқаудың нәтижесінде одан әрі ынтымақтастық орнату мақсатында қазақ тілін жаңа форматта үйрету бойынша бірлескен жобаны бастау арқылы жеке бизнес пен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы арасындағы қарым-қатынасты кеңейту шешімі қабылданды.