Бүгін: 07.12.2019

Ресурстық тіл орталығының ұйытқы болуымен, 1-5 қазан аралығында әдіскерлер арасында апталық акция жүргізілді. Акция WhatsApp желісінде жүзеге асты.

Латын әліпбиіне арналған Keyboard бағдарламасын ұялы телефонға енгізіп, пернетақтада жаңа әліпби негізінде жазу және оқу дағдысын қалыптастыру мақсаты көзделді.

Әдіскерлер күн сайын әртүрлі тақырыпта қанатты сөздер, мақал-мәтелдер мен тілектерін жазып, акцияға қатысты. Оған Теміртау, Жаңаарқа, Ақтоғай, Жезқазған өңірлерінің әдіскерлері белсене ат салысты. Аталмыш акция алдағы уақытта жалғасын таппақ.