Бүгін: 13.11.2018

Ү.ж. 12 қазанында Е.А..Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында «Jańa qazaq alipbıi jáne grafika máselesi» атты республикалық  семинар өтті. Семинар модераторы - Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақ жазуын латын графикасына көшіру орталығының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент М.А. Тұрсынова.

Аталмыш шараны Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры А.С..Әділова «Тіл мүддесі және жаңа әліпби» тақырыбындағы баяндамамен ашты. Ш.Шаяxметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография бөлімінің басшысы, ф.ғ.д., профессор Қ.Б..Күдеринова «Жаңа қазақ әліпбиі негізіндегі емле ережелері жобасы: құрылымы қандай, ұстанымы неде?» атты баянамасында емле ереже жобасын нақты мысалдар келтіре отырып талдап, түсіндірді. Сонымен қатар, семинарды  «Кейінгі латын әліпбиінің оқу-әдістемелік талданымы» атты баяндамасымен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбек қорытындылады. Профессор кез-келген реформа қоғамда қарама-қайшылық тудыратынын баса айтып, латын графикасына негізделген «Үкілі әліпби» нұсқасын көрсетіп, тиімділігін айтып берді.

Аталмыш шараға Ресурстық тіл орталығының мамандары да қатысып, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша өзекті мәселелерді көтере отырып, оларға жауаптарын алу мүмкіндігіне ие болды.